Ақтаулық кәсіпкер Желтоқсан қаһарманына пәтер сыйлады

14 Желтоқсан 2021, 15:38
1192
Бөлісу:
Ақтаулық кәсіпкер Желтоқсан қаһарманына пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Желтоқсан қаһарманы, «Бауыржан Момышұлы Батыр Шапағаты» медалінің иегері Айша Айтжанова баспаналы болды.  

Ақтаудағы жаңа шағын аудандардың бірінде орналасқан жаңа үйдегі екі бөлмелі пәтерді жаны жомарт азамат сыйлады.

70 жасқа таяп қалған батыр ана бүгінгі Тәуелсіз елдің ұрпақтарының тосын сыйы үшін ерекше қуанып, батасын берді.

Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрып, төгілген қан мен өлмеген жігердің отымен келген ұлы күнді қастерлеу - бүгінгі ұрпаққа аманат екенін жеткізіп, барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы