Ақтауға ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ ақпарат алмасуда.
Жедел байланыс үшін Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді. Жедел желі нөмірлері:
8-7172-55-96-21
8-7172-55-96-83
8-7292-31-90-91
Оған 571 өтініш түсті.
Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды.
ТЖМ кинологиялық қызметі іздеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, ақпарат алмасуда.