Ақтаудағы ұшақ апатын халықаралық 17 сарапшы зерттейді

29 Желтоқсан 2024, 14:41
331
Бөлісу:
Ақтаудағы ұшақ апатын халықаралық 17 сарапшы зерттейді

Авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Ақтауға ұшып барды, деп хабарлайды BAQKZ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтауға арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді.

ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады, -дейді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтауда.

Өзгелердің жаңалығы