Ақтаудағы ұшақ апаты. Зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Кеше, 13:34
256
Бөлісу:
Ақтаудағы ұшақ апаты. Зардап шеккендерге өтемақы төленеді
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өтемақының мөлшерін Әзербайжанның AZAL (Azerbaijan Airlines) авиакомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Апаттан зардап шеккендерге 20 мың манаттан (6,1 млн теңге) төленеді. Ал апат кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 40 мың манаттан (12, 2 млн-нан теңгеден астам) беріледі.

Бүкіл жолаушылар Әзербайжан Республикасының заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес сақтандыру өтемақысын алады, - делінген компания жазбасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Бас прокуратура Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Маңғыстау облыстықауруханасына ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адамның жағдайы ауыр.

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында ұшақ апатына не себеп болғанын айтқан еді. Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерден екінші "қара жәшік" табылған еді.

Өзгелердің жаңалығы