Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар болуы мүмкін.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ апатынан 6 адам аман қалғанын айтты.
"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысып, рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы тараған болатын.