Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қашан аяқталады?

3 Желтоқсан 2025, 10:57
310
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжан ұшағына қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжілістің кулуарында бергне сұхбатында мәлімдеді.

Айуынша, тергеу екі бөлікке бөлінеді.

Біріншісі – Бас прокуратура жүргізіп жатқан қылмыстық бөлік. Ол жерде олар ресейлік әріптестерімен байланыста жұмыс істеп жатыр. Екінші бөлігі – Көлік министрлігі жүргізіп жатқан тергеу. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында. Қазір лицензия иелерінен, технология иелерінен, аэронавигациялық құрал-жабдықтарға жауапты мамандардан соңғы қорытындыны күтіп отырмыз. Жалпы, Көлік министрлігі бойынша тергеуді аяқтауға дайынбыз, – деп түсіндірді Қанат Бозымбаев.

Пайымдауынша, бұл іс биыл немесе келесі жылдың басында аяқталуы мүмкін.

Ал Бас прокуратура қарайтын бөлік бойынша да жұмыс жүріп жатыр. Олар тығыз байланыста. Онда да ілгерілеу бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар, көрші мемлекеттердің басшылары әртүрлі мәлімдеме жасауда. Сондықтан келесі жылы бұл бағыттағы тергеу де аяқталады деп үміттенеміз, – деді вице-премьер.

Еске салайық, Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer 190 әуе кемесі 2024 жылдың 25 желтоқсанында таңертең Бакуден Грозныйға бара жатқан жолда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының дерегіне сүйенсек, ұшақ бортында 62 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апаттан 29 адам аман қалды.

Өзгелердің жаңалығы