Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан "қара жәшікті" Бразилияға жібереді

29 Желтоқсан 2024, 22:50
2501
Бөлісу:
Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан "қара жәшікті" Бразилияға жібереді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып саналады.

Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.

Өзгелердің жаңалығы