Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерден екінші "қара жәшік" табылды

Бөлісу:
Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерден екінші "қара жәшік" табылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, ұшақ құлаған маңнан ұшақтың екінші «қара жәшік» табылған. Қара жәшіктерді оқу Embraer 190 ұшағын өндіруші ел – Бразилиядан сарапшылар келген соң басталады.

Жиналған барлық деректер негізінде оқу тәртібі туралы шешім қабылдайтын арнайы комиссия құрылады. Бразилиядан сарапшылар ертең келеді деп күтілуде. Одан соң талдау жұмыстары басталады, - деп нақтылады Ластаев.

Айтуынша, оқу барысында жұмыстар халықаралық зерттеу алгоритмі аясында жүргізіледі.

Ал Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев апат болған төрт мың шаршы метрден астам аумақ толықтай тексерілгенін алға тартты.

Ұшақтың қалдықтарын жинау жұмыстары жүргізілуде, экипаж және диспетчерлер арасындағы әңгімелесудің жазбалары алынған.

Өзгелердің жаңалығы