Оқыс оқиға бүгін сағат 15:06-да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт үйдің ішін шарпымаған.
Бүгін сағат 15:06-да Ақтау қаласында 10 қабатты тұрғын үйде 50 ш.м. алаңда 4-тен 6 қабатқа дейінгі сыртқы қаптамасының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пәтерлерге өрттің таралуына жол берілмеді. Тұрғындар ғимараттан өз бетінше шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт 15:30-да сөндірілді, - делінген хабарламада.