Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді

22 Наурыз 2024, 17:13
669
Бөлісу:
Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді
PHOTO
Фото: Бауыржан Ниязқұлов

Биыл Наурыз мейрамында алғаш рет Журналистер үйі тігілді. Мұнда өңірдегі БАҚ өкілдері қазақша нақыштағы киім киіп, ұлттық тағамдардан дастарқан жайып, қала тұрғындарын қарсы алып жатыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Киіз үй Журналистер одағының Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен құрылған. Облыстық "Маңғыстау Медиа" ЖШС және "Маңғыстау" телеарнасының жәдігерлері, өңір басылымдары мен архивтегі суреттерден көрме жасақталған.

Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді
Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді
Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді

Биылдап бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Наурыз мейрамы ерекше тойланып жатыр. Осы орайда облыстың журналистері де бас алаңға киіз үйімізді тігіп, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн көрді. Келген тұрғындар облыстағы БАҚ жұмысымен танысып, киіз үйден дәм татуда, - деді Журналистер Одағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Гүлмира Әбішева.

Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді

Наурыз мейрамын тойлауға келген тұрғынның бірі - Алина Иманова. Ол архивте сақталған журналистердің суретін қарап, көне құрылғыларды тамашалап, журналистер еңбегіне тәнті болды.

Ақтаудағы Наурыз мерекесінде алғаш рет журналистер үйі тігілді

Айта кетейік, бүгін теңіз жағалауындағы Амфитеатр алаңына 40-қа жуық киіз үй тігілді.

Өзгелердің жаңалығы