Ақтаудағы мектеп жанындағы төбелес: 10 жасар оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Ақтауда мектеп оқушылары бір бірін балағаттап, төбелескен сәттегі видео тарады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:53
Бүгiн 2026, 16:53
263
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Әлеуметтік желілерде Ақтауда мектеп оқушыларының төбелесі түсірілген видео тарады. Кадрларда бір топ оқушы мектеп маңында жанжалдасып, бір-бірін балағаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Құқық қорғаушылар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында төбелеске қатысы бар оқушыларды анықтаған. 

Белгілі болғандай, 4 наурыз күні сағат 13:20 шамасында Ақтау қаласы, 19-шағын ауданындағы №32 мектептің жанында жасөспірім оқушылар арасында түсініспеушілік болып, төбелес болған.

Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында төбелес құрамында болған аталған мектептің 10 жасар оқушысы анықталды. Аталған жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған оқиға бойынша ешқандай арыз-шағым түспеген, ауруханаға да ешкім қаралмаған. Өзге жасөспірімдердің жеке бастарын анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі көршілерін соққыға жықты деп айыпталғаны хабарланды. 

 

Наверх