Ақтаудағы "Даңқ" аллеясының аумағы абаттандырылады

11 Сәуір 2025, 18:04
544
Бөлісу:
Ақтаудағы "Даңқ" аллеясының аумағы абаттандырылады
Фото: Видеодан кадр

Ақтауда туристер жиі баратын көрнекті орындардың бірі – 7 шағын аудандағы «Мәңгілік алау» мемориалы. Киіз үй тәріздес алып ғимараттың аумағы жыл сайын абаттандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігі биыл да игі дәстүрінен жаңылмай, Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында мемориалдың жан-жағын реттеуге кірісті. Бұл жердегі «Даңқ» аллеясы алыстан көз тартады.

2015 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың 70 жылдығына орай орнатылған аллеяда Маңғыстау өңірінде дүниеге келген 8 батырдың суреті мен аты-жөні жазылған гранитті барельефтер бар.

КСРО батырларының барлығы да «Даңқ» және «Ленин» орденімен марапатталған. Аллея шетінде бөлек тұрған қола түстес барельефтерде сұрапыл соғыс жылдарының фрагменттері, тылда еңбек еткендердің ауыр жұмысы бейнеленген.

Оқырманға жалпы мәлімет ретінде айтатын болсақ, «Мәңгілік алау» ескерткіші Ақтау қаласында орталық көше жолының бойында 1985 жылдың 9 мамырында салтанатты түрде ашылды. «Киіз үй» түріндегі зәулім нысанның сызбасын сол кезде Лениград, қазіргі Санкт-Питербург қаласының сәулетшілері арнайы әзірледі. Ескерткіш құрылысын жергілікті құрылыс мекемелері қысқа мерзімде аяқтап шықты.

Жыл сайын Жеңіс күніне орай мемориал алаңында батырлар рухына тағзым ету, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою шарасы ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы