Ақтауда жаңбыр суы аулаларды басып қалды

23 Наурыз 2025, 21:09
1284
Бөлісу:
Ақтауда жаңбыр суы аулаларды басып қалды
Фото: ТЖМ

Ақтауда толасыз жауған жауын салдарынан, көшелер суға толып, жүргіншілерге ыңғайсыздық туғызды.

Жағдайға бойымыз үйренді. Жаңбырдан кейін межелі жерге жету үшін жаяу жүргіншілер шалшықсыз, батпақсыз жолдарды, ал жүргізушілер айналма жолды іздейміз, - дейді тұрғындар.

Ал Ақтау әкімдігі жаңбыр суын айдау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Шағын аудандар ішіндегі автожолдар мен аумақтардан 350 текше метр су сорылған.

Жұмысқа 13 қызметкер, 12 мотопомпа және 4 арнайы техника жұмылдырылған.

Бүгін жауған жауын-шашынның көлемі 5-10 мм болды. Жалпы су тасқынына қарсы күреске 24 қызметкер, 6 мотопомпа және 4 арнайы техника жіберілді. Ақтауда 290 текше метр су, Мұнайлы ауданында 1300 текше метр су сорылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Өзгелердің жаңалығы