Ақтауда үшем дүниеге келді

7 Мамыр 2022, 06:35
2081
Бөлісу:
Ақтауда үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы перинаталдық орталықта жыл басынан бері алғаш рет үшем дүниеге келді. 

Қала тұрғыны 2 қыз бен ұл баланы мерзімінен бұрын босанды, деп хабарлайды.

Шақалақтар қазір салмақ жинап келеді. Жағдайлары тұрақталса, көп ұзамай үйлеріне шығарылады. Айта кету керек, Маңғыстау облысында жыл басынан бері 2089 нәресте жарық дүниеге есігін ашты. Соның 58-і егіз. 

Гүлзада Сарбалаева, перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі: – Кесарь тілігімен 27 сәуір күні дүниеге келген бірінші бөпесінің салмағы 1 келі 520 қыз бала. Екінші бөпесінің салмағы 2 келі 160 қыз бала және 3-ші ер бала. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы. Нәрестелерді жетілдіру бөлімінен былтыр 2021 жылы 43 егіздер өтті. 1 төртем болды, 1 үшем болды, – деді перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлзада Сарбалаева.

Өзгелердің жаңалығы