Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды. Олар келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.
Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, ол жұмыс істейді.
Жедел желі телефоны: 8/7292/319099.