Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар адам өмірін сақтап қалды

5 Шілде 2025, 23:59
940
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Бүгін күндіз Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жағадан алыстап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, 1984 жылы туған әйел SUP тақтасында сырғанаған кезде желдің күшімен жағалаудан алыстап кеткен. Апаттың алдын алған құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, әйелді жағаға аман-есен жеткізді. Зардап шеккен адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Министрлік азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

  • Балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Қайық, катамаран және SUP тақталарын пайдаланғанда міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
  • Ауа райының өзгерістері мен желдің екпініне назар аударыңыз.
Өзгелердің жаңалығы