Сәуір айының алғашқы аптасында Ақтауда қалаға «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесінің берілуіне орай салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шара аясында теңіз жағалауында «Дархан дала» этноқалашығы бой көтереді. Этноқалашықтың жеті ауылында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі, музей жәдігерлері, дәстүрлі ағаш үйлер ұсынылып, қазақтың салт-дәстүрлері насихатталады.
Мерекелік кешке Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан елдерінен мәдениет майталмандары арнайы келіп, жергілікті өнерпаздармен бірге сахна төрінде өнер көрсетеді.