Ақтауда төтенше жағдай жарияланды

8 Маусым 2023, 00:40
2261
Бөлісу:
Ақтауда төтенше жағдай жарияланды
Фото: архив

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 маусымда Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды, - делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.

Бұл шешім «МАЭК» ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы