Ақтауда теңіз суын тұшыту құрылғысы іске қосылды

27 Шілде 2024, 03:28
426
Бөлісу:
Ақтауда теңіз суын тұшыту құрылғысы іске қосылды
Фото: baq.kz

Ақтауда теңіз суын тұшытатын зауытта жаңа қондырғы іске қосылды. Озық үлгідегі технология тәулігіне 5 мың текше метр ауыз су өндіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспар бойынша келер айда тағы бірнеше қондырғы қолданысқа берілуі тиіс. Осылайша зауыттың қуаты екі есе, яғни 40 мың текше метрге ұлғаяды. Кәсіпорын өндіретін тіршілік нәрін негізінен Мұнайлы және Қарақия ауданы тұтынады. Сондай-ақ жаз айларында күніне 5-6 мың текше метр су Ақтауға құбырмен беріледі. Бұл қалада ауыз су жетіспеушілігіне орай жасалатын уақытша амал. Президент тапсырмасына сәйкес Маңғыстауда су тапшылығын жою үшін ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, жуырда «МАЭК» энергокомбинатында тәулігіне 6 мың текше метр су тұшытатын қондырғы іске қосылды.

Өзгелердің жаңалығы