Кеше, Ақтау қаласында шиномонтаждау бөлмесінде (42 ш.м. алаңда) автомобиль шиналары өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға кешкі сағат 21.40-та, Ақтау қ., 28а ш/а мекенжайында орын алған.
Оқиға орнында дереу ТЖД жеке құрамның 12 адамы және 3 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт 22:04-те толығымен жойылды.
Өрт сөндірушілер көлемі 40 литр болатын 2 газ баллонын шығарды.
Термиялық күйікпен өртке қарсы қызмет келгенге дейін Өзбекстан Республикасының азаматтары жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр. Өрттің себебі анықталуда, - деп хабарлады ведомство.