Жылу желілеріндегі ақауға байланысты қаланың бірнеше шағын ауданында жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16-шы ықшам ауданындағы жылу желілеріндегі апатқа байланысты 20А, 16, 17, 18, 19, 20 шағын аудандарда бірқатар үйде жылу мен ыстық су беруге уақытша шектеу енгізілді.
Оқиға орнында "Каспий жылу, су арнасы" кәсіпорнының мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Ақтау қаласының әкімі жұмыстардың жүргізілуін жеке бақылауына алды.
"Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары ақауды тез арада жоюға кірісті.
Атап айтқанда, мына аудандардағы үйлерге жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды:
16 шағын аудан, №31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94 үйлер;
17 шағын аудан, № 3, 4, 5, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 43, 44, 45, 46, 51, 54, 55, 82, 83, 84, 85, 86, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 101, 102, 103, 104, 105, 107, 110, 112, 113, 115/1,217, 217/1217, 217/1-ші үйлер, колледж, "Оқушылар сарайы", бизнес орталықтары;
18 шағын аудан, №3,18,19,20,21,28 үйлер, "Шаһар Плаза", "Империя Тауэрс" тұрғын үй кешені;
18А шағын аудан толығымен;
19 шағын аудан, №5,13,15 үйлер;
20 шағын аудан, №5,7,17 үйлер;
20А шағын ауданы, №21 үй.