«Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала базарларының бірінде тоғыз дана көлемінде бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы салмағы 13 келі 850 грамм болды. 52 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы lada.kz хабарлады.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлермен, сондай-ақ өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша Ақтау қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді).
Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 3000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айрылады, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылады.