Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған, - деп хабарлады Көлік министрлігі.
Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды.
Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады.
Бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалғанын жазған едік.