Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда құлаған Әзербайжан ұшағы: Тергеу қорытындысы қашан шығады?

Жансая ҚАМБАР
25 Қараша 2025, 11:06
398
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Былтыр желтоқсанда Ақтауға құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы бойынша тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан белгілі болады? Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу қазіргі таңда жалғасып жатыр. Үш айдан кейінгі алғашқы алдын ала нәтижелер тиісті комиссия тарапынан толық көлемде ұсынылды. Қазір тереңдетілген тергеу жүргізілуде. Онда күрделі сараптамалар, күрделі жұмыс бар. Аяқталғаннан кейін, алдыңғы есеп сияқты, толықтай БАҚ-қа ұсынылады. Мерзімі бойынша қазір нақты айта алмаймыз. Бірақ осы жылдың соңына дейін шығады, - деді Сауранбаев.

Өзгелердің жаңалығы