Ақтауда қаза болған адам кіреберістегі шатырдың демонтаж жұмысын жүргізген

11 Мамыр 2023, 15:15
1093
Бөлісу:
Ақтауда қаза болған адам кіреберістегі шатырдың демонтаж жұмысын жүргізген
Фото: Азамат Сәрсенбаев

Ақтауда тұрғын үй кіреберісіндегі бетон шатырдың құлауы демонтаждау жұмыстары салдарынан болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Тұрғын үй инспекциясына" сілтеме жасай отырып Zakon.kz жазды.

Еске салсақ, оқыс оқиға салдарынан бір ер адам дене жарақаттарынан тіл тартпай кетті. Бұдан бөлек екі адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Қаза болған және зардап шеккен адамдар жергілікті Пәтер иелері тұтынушылар кооперативіне қызмет ететін сервистік компания қызметкерлері екені анықталды.

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен тергеушілер жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы