Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда қару ұстаған ер адам ұсталды

8 Маусым 2025, 22:50
491
Бөлісу:
 видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтау қаласында полиция қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды қолға түсірді. Ол тергеу тобына тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында кезекші бөлімге 19 шағын аудандағы №40 үйдің маңында қаруы бар белгісіз ер адам туралы хабарлама түскен.

Құқық қорғау органдары дереу әрекет етіп, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Куәгерлердің қатысуымен одан сигналдық тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Медициналық куәландыру барысында оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Ол тергеу тобына тапсырылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп мәлімдеді облыстық ПД өкілдері.

Полиция өкілдері "Қару" акциясы аясында қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, тиісті ақшалай өтемақы алатынын еске салды.

Сонымен қатар, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, тасымалдау, өткізу немесе беру әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы