Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік полиция департаменті Lada.kz басылымына бұл ақпаратты растады. Басылымның хабарлауынша, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орындағы жүк тиегіш техникаға Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан полиция қызметкері көз жұмды, ол еңбек демалысында болған, яғни аталған оқиға қызметтен тыс кезде болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, полиция қызметкері сау болған, алкогольдік немесе есірткілік масаңдық белгілері анықталған жоқ, - деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, көлікте тағы бір полиция қызметкері болған, ол қазір ауруханада жатқан көрінеді. Алайда, бұған қатысты полицияның баспасөз қызметі ешқандай мәлімет ұсынбады.