Жаңа жыл қарсаңында Ақтауда бір баланың пиротехникалық бұйымнан жарақат алу дерегі тіркелді. Бұл туралы Облыстық балалар ауруханасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, крекерді абайсыз қолдану салдарынан конфетти баланың көзіне түскен.
Жәбірленушіге амбулаториялық медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланы ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмаған.
Медицина қызметкерлері жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехникалық бұйымдардан күйік алған немесе басқа да жарақатпен түскен балалардың өзге жағдайлары тіркелмегенін атап өтті. Сондай-ақ мерекелік іс-шараларға байланысты аурушаңдықтың артуы байқалмаған.
Мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, пиротехникалық заттарды қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.