Ақтау қаласында 22-ші ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден есірткі затына ұқсас өсімдіктер табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция мәліметінше, тінту жүргізу кезінде 17 түп есірткі затына ұқсас заттар, екі жарықтандыру шамы, 4 тыңайтқыш тәркіленді.
31 және 41 жастағы күдіктілер ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК 300-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.