Ақтауда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

Егде жастағы әйелдің өлімі туралы көршілері хабарлаған.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 21:38
Бүгiн 2026, 21:38
238
Фото: polisia.kz

Ақтау қаласының 7-ықшам ауданында егде жастағы әйел адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№27 үй тұрғындарының айтуынша, зейнеткер әйел жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген, кейін подъезде мәйіт иісі сезілген. Көршілер күмәнданып, шұғыл қызметтерге хабарласқан.

3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келген. Өңірлік ТЖД мәліметінше, мамандар пәтердің терезесін ашып, ішке кірген, содан соң кіреберіс есікті ішінен ашып, құқық қорғау органдарының кіруіне мүмкіндік жасаған.

Нәтижесінде, пәтерден әйел адамның мәйіті табылды.

Өңірлік полиция департаменті әйелдің 79 жаста болғанын хабарлады. Оқиға Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 001 (Адам өлімі) коды бойынша тіркелген.

Наверх