Ақтауда пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

27 Тамыз 2022, 17:19
983
Бөлісу:
Ақтауда  пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: автордан

Ақтауда алғаш рет пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған және көзі нашар көретін азаматтар зілтемірді жатып көтеруден сынға түсті, Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ   тілшісі.  

Ақтаудағы чемпионатқа еліміздің 17 облысынан 120 спортшы келген. Ерлер 6, әйелдер 4 салмақта өнер көрсетеді. 

Ақтауда  пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Маңғыстау облысының спортшылары пара –пауэрлифтингтен сәтті өнер көрсетіп келеді. Сондықтан да осы жарысты өткізу біздің облысқа сеніп тапсырылды. Біздің ұлттық құрама сапында екі спортшымыз бар. Басты үмітіміз - Есентеміров Ғани.  Салмағы 130 кг осыған дейін әлем кубогында екі рет жүлдегер болды. ҚР чемпионатында екі рет чемпион болды, -  дейді МО мүгедектер спорт клубының директоры Мұрат Бисенбаев 

Ақтауға спортшылардың әзірлігін,  мүмкіндіктерін мен қабілеттерін бақылап, тексеру үшін ұлттық құрама бапкері Артур Томицский арнайы келген. Өйткені алдағы әлем чемпионатына ел құрамасы осы жарыс арқылы жасақталады.

Ақтауда  пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Жарыстың деңгейі өте жоғары . Ұлттық құрама мүшелері де осында. Тіпті Олимпиада чемпионы Давид Дегтярев та қатысып жатыр Өйткені олардың қазіргі бабын көріп, жаңа спортшылардың аяқ алысын байқауға ел чемпионаты үлкен мүмкіндік, - дейді пара пауэрлифтингтен ҚР бас жаттықтырушысы Артур Томицский . 

Ақтауда  пара -пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтауғады біріншіліктен  соң ел құрамасы жасақталады. Биылғы жылдың басты жарысы -Азия чемпионаты маусым айының басында өтіп кеткен. Енді осы жарыс нәтижесінде жаңа құрама жасақтап 2023 жылы Бірккен Араб әмірліктрінеде өтетін әлем чемпионатына әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы