Бүгін төтенше жағдайлар қызметіне сағат 19:05-те 22 шағын аудан 3-үйдегі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар шақырту орнына жеткенде үйдің ас бөлмесінде киім-кешек жанып жатқаны анықтады. Сондай-ақ балалардың үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Пәтердің жалпы ауданы – 40 шаршы метр, жану алаңы – 1 шаршы метр болды.
Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері 2016, 2020 және 2023 жылы туған 3 баланы құтқарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Ақтау қалалық балалар ауруханасына 2023 жылы туған бала жеткізілді. Оның денсаулығы тұрақты болған соң үйіне жіберілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті.