Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұратуға мәжбүрлеген "отбасылық бизнес" әшкереленді

4 Шілде 2025, 20:27
1195
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Ақтау қалалық соты мүгедек жандарды заңсыз ұстап, оларды мәжбүрлі қайыршылыққа салған үш адамға үкім шығарды. Сотталушылар 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ақтау қалалық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 126-бабы (бостандықты заңсыз айыру) және 128-бабы (адамды қанау) бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін үш тұлға сотталды.

2023 жылдың қазан айынан 2024 жылдың наурызына дейінгі аралықта сотталғандар Ақтау қаласында мүгедектігі бар екі адамды еркінен тыс ұстап, оларды пайда табу мақсатында қоғамдық орындарда қайыр сұрауға мәжбүрлеген.

Аяғы жоқ екі жәбірленушіні Қарағанды қаласынан алдап алып шығып, алдымен Семей қаласында, кейін Ақтауда жергілікті базарларда қайыр сұратқан. Жәбірленушілердің тапқан ақшасын сотталғандар өздеріне алып отырған. Осы уақыт ішінде жәбірленушілер психологиялық және физикалық қысым көріп, қашуға әрекет жасағаны үшін қорқытылып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Тек 2024 жылдың наурыз айында жәбірленушілердің бірі полицияға хабарласып, осы қылмыстық схеманың ашылуына себеп болды, - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін ер адам тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісінің ата-анасын өлтіріп, өзін кепілге алғанын хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы