Ақтауда танымал мейрамханалардың бірінің маңында болған төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Кадрда екі ер адамның жерде жатқан үшінші адамды басынан теуіп жатқанын көруге болады. Оқиға 25 наурызға қараған түні шамамен сағат 05:00-де "Pinta" мейрамханасының алдында болған. Жанжалға барлығы бес адам қатысқан.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жедел түрде бес күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын және әрқайсысына заң аясында тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Төбелеске қатысы бар барлық тұлға мәртебесіне немесе байланысына қарамастан, заң алдында жауап береді, – деп атап өтті ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.