Ақтауда 7 шағынауданда мас жас жүргізуші аула ішіндегі автотұрақта жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға 28 желтоқсан күні түнгі сағат 03:00 шамасында №22 және №23 үйлердің арасында болған. Полиция мәліметінше, 2005 жылы туған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше тұрақта тұрған автокөлікті соққан, олардың бірі аударылып қалған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы («Алкогольдік, есірткілік немесе мас күйінде көлік құралын басқару») бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.
Жүргізуші 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.