Ақтауда күйеуі балаларының көзінше әйелін аяусыз сабаған

22 Сәуір 2024, 11:47
5606
Бөлісу:
Ақтауда күйеуі балаларының көзінше әйелін аяусыз сабаған
VIDEO
Фото: скриншот

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Lada.kz сайтының мәліметінше, сұмдық жағдай үйдің кіреберісіне орнатылған камераның арқасында әшкере болған. 

Видео: Lada.kz

Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, аузын жауып үйдің кіреберісіне кіргізгенін көруге болады. 

Кейіннен ол әйелді босатып, жан-жағында адамдардың бар-жоғын қарайды. 

Ешкімнің жоқтығына көз жеткізген ер адам әйеліне қайта бас салады. 

Бұл ретте агрессор үйден адам шығып қалған соң ғана тоқтайды. Алайда зорлық-зомбылық лифтіде жалғасады. 

Қуанышқа орай лифтіге мінген әйел оны қуып шығады. 

Жантүршігерлік видеода әйелдің және оның балаларының жан ұшыра жылаған даусы, айқай-шу естіледі. 

Аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Айтуынша, агрессорға іздеу салынды.

Айта кетейік, 15 сәуірде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған болатын. Дегенмен заң қабылданса да, отбасылық "тирандардың" құқыққа қайшы әрекеттері әлі де тыйылмай тұр.

Өзгелердің жаңалығы