Ақтауда «Каспий» су тұшыту зауытының құрылысы 2024 жылы аяқталады

25 Қараша 2023, 07:25
963
Бөлісу:
Ақтауда «Каспий» су тұшыту зауытының құрылысы 2024 жылы аяқталады
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Ақтауда «Каспий» су тұшыту зауытының құрылысы 2024 жылы аяқталады. Зауыт қуатын тәулігіне 40 000 м3 ауыз су өндіруге дейін ұлғайту бойынша кеңейту» жобасын іске асыруға бюджеттік кредит беру тетігі шеңберінде 2019 жылдан бастап толық көлемде 12,3 млрд теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған зауыттың қайта құрылымы 2024 жылдың сәуір айында аяқталмақ.

Ал мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы биыл 3 наурызда берілген.

Бұл ретте түзетуден кейін су тұшыту зауытын салу құны 18,1 млрд теңгені құрады. Өсім шамамен 5,1 млрд теңгеге теңесті. Осыған орай, жергілікті бюджет қазынасында қажетті қаражаттың болмауына байланысты ағымдағы жылдың 2 тамызында Үкіметтің резервінен жобаны аяқтауға 5 млрд. Теңге бөлінді. Қазіргі таңда игерілгені 1,7 млрд. Тенге. Ал қалғаны 3,3 млрд. Теңге, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев.

Бүгінгі күні су тұщыту зауытында технологиялық жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары басталды. Қысқа мерзімді жоспары 80% аяқталған.

Өзгелердің жаңалығы