Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шала туылған нәрестенің денесі 32-ші ықшам ауданындағы кәріз құдығынан табылған.
9 маусымда сағат 11: 51-де 102 шұғыл байланыс желісіне 32-ші ықшам ауданда кәріз құдығынан жетілмеген шақалақтың денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды "Лада " басылымы.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары қолға алынды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы (тұлғаның өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.