Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтауда І Халықаралық жастар форумы басталды

6 Қараша 2025, 06:25
460
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақтауда І Халықаралық «Aktau Youth Forum» жастар форумының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форумның мақсаты – жастардың интеллектуалды әлеуетін арттыру, рухани қуатын күшейту және азаматтық жауапкершілікті дамыту, сондай-ақ халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды қолдау жөніндегі стратегиялық бағыты аясында жүзеге асырылып отыр.

Ақтауда І Халықаралық жастар форумы басталды

Форумға Қазақстан өңірлерінен және Әзербайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдерінен келген жас көшбасшылар мен делегаттар қатысуда. Қатысушылар арасында ғылым, технология, спорт, мәдениет және қоғамдық салада табысқа жеткен жастар бар.

Ашылу рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров пен өңір басшылығы сөз сөйледі.

Ақтауда І Халықаралық жастар форумы басталды

Бағдарлама аясында панельдік сессиялар, семинарлар, воркшоптар, сондай-ақ Маңғыстаудың мәдени-тарихи нысандарына экскурсиялар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар дарынды жастардың жобалар көрмесі өтеді.

Өзгелердің жаңалығы