Ақтауда Футзалдан Қазақстан суперкубогы мен кубок ойындары өтеді. Матчтар алдында журналистермен кездескен қауымдастық президенті Төлеуғали Тайтүлеев маусым аралық үзілісте қайта құрылған ассоциацияның басты бағыттары мен мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа басшы аталған спорттың елімізде қарқын алып дамуына бар үлесін қосатынын айтты. Сондай-ақ, өткен маусымдағы айтарлықтай мәселе болған төрешілік жұмыстар және трансляцияны да назарға алып отырғаны айтты.
Бұл мәселелер кезекпен шешімін табады. Біз жақында барлық клуб басшысын жинақ кездесу өткіземіз. Сол арада осы мәлелер талқыланады. Төрешлік мәслесін тудырмау үшін кездесулерге жергілікті мамандардың төрелік етпеуін қадағалаймыз. Сондай-ақ футзалдың дамуын Маңғыстаудағыдай өзге аймақтарда да кең дамуын күш саламыз – деді Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Төлеуғали Тайтүлеев .
Бүгін Ақтауда алғаш рет футзалдан суперкубок ойыны өтеді. Өткен жылғы ел чемпионы "Қайрат", кубок иегері рудныйлық "Аятқа" қарсы ойынады. Журналистермен кездескен қос команда бапкері маусымаралық үзілісте команда сапын күйшейтіп, бүгінгі ойынға сақадай сай екендіктерін жеткізді.
Қарсылас оңай емес. Сондықтан суперкубок ойыны оңай өтпейді. Одан кейін іле кубок ойындары тұр. Кубоктық кездесулер де таласқа толы боларына күмәнім жоқ. Өткен жылы жергілікті жанкүйерлердің футзалға деген махаббатының ерекше екенін көрдік. Сондықтан "Каспийге" қарсы ойындарды тартысты өтері анық, – дейді Рикардо Кака «Қайрат»АФК бас бапкері .
Екі команда да биыл чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
Қайратты" бәрі біледі. Тәжрибес мол, үздік команда. Бірақ біз де бұл жерге дейін оңайлықпен келмедік. Менің ойыншыларым осы жетістікке жету үшін біраз тер төкті. Жігіттер дайын, ендігісін алаң көрсетеді, – деді МФК «АЯТ» бас бапкері Қанат Танакпаев.
Ақтауда суперкубок ойынынан соң іле Қазақстан кубогының кездесулері өтеді. Кубоктық бәсекеде 2 топқа бөлінген 8 команда сынға түседі. «А» тобында «Астана», «Қайрат», «Каспий», «Рахмет» командалары . Ал «В» тобында «Аят», «Ақтөбе», «Атырау», «Бәйтерек» командалары өнер көрсетеді.
Команда 80-пайызға жергілікті ойыншылардан тұрады. Басты мақсатымыз- іріктеу тобынан шығу.. 7-қыркүйек күні команда сапына бразиляилық легионер қатарға қосылады . Өйткені біз көздеген ойыншылардың біразы шет елдік клубатармен әлі де келісімшарты аяқталмаған. Толықтай құрамамыз чемпионатқа дайын болады ,–деді «КАСПИЙ» МФК директоры Ержан Жаңбыров.
Кубок ойындары оныншы қыркүйекке дейін жалғасады. Одан әрі Қазақстан ұлттық құрамасы Ақтауда теңіз жағалауында оқу- жаттығу жиындарын өткізде. Жаттығу жиыны барысында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Ұлттық құрама ойынына құрама сапында 99 кездесуге қатысқан "Каспий" футзал клубының бас бапкері Дінмұханбет Сүлейменов қатысып 100-ші ойынын өткізеді.