Ақтауда есірткі сатумен айналысқан Ресей азаматы ұсталды

Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен РФ-ның азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

20 Ақпан 2023 2023, 17:02
АВТОР
 Polisia.kz 20 Ақпан 2023 2023, 17:02
20 Ақпан 2023 2023, 17:02
1552
Фото: Polisia.kz

Ақтауда есірткі сатумен айналысады деген күдікпен РФ-ның азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

14 ақпан келіп түскен жедел ақпарат бойынша Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын анықтады.

Тексеру барысында қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан  үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.

Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Наверх