Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Ақтаудың 6-шағын ауданындағы көңіл көтеретін орындардың бірінде болды, деп хабарлады Lada.kz.
Оқ жарақатын алған екі ақтаулық Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Күдікті ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау полиция басқармасынан хабарлады.
Зардап шеккендердің деректеріне сүйенсек, кикілжің тараптардың бір-біріне тіл тигізіп, ерегісіп қалғанынан басталған.
"Зардап шеккен 1993 жылы туған азаматтың табанына оқ тиіп жараланды. 1992 жылғы ер адам табан буынына оқ тиіп жарақат алды. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін екі азамат амбулаториялық емдеуге жіберілді", – деп хабарлады Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасынан.
Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған ер адам 2 айға қамауға алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.