Ақтауда ер адам 11-қабаттан құлап, мерт болды

Ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Видеодан кадр 20 Шілде 2025 2025, 14:50
20 Шілде 2025 2025, 14:50
610
Фото: Видеодан кадр

Ақтау қаласында 11 қабатты тұрғын үйдің төбесінен жалаңаш ер адамның құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Оқиға 2025 жылғы 20 шілде күні қаладағы 5-шағынауданда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам шатырына шыққан күйі киімсіз болған. Құтқарушылар көмек көрсетуге тырысқанымен, ол биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ер адамның өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.

Наверх