Ақтауда дәрігерлер бір жасар баланың өкпесінен жаңғақ алып шықты

Анасының айтуынша, сәби ойнап жүріп бөгде затты жұтып қойған.

 BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 22:26
Кеше 2026, 22:26
251
Фото: BAQ.KZ архиві

Ақтаудағы Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері бір жасар баланың өкпесінен жаңғақ алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, сәби ойнап жүріп бөгде затты жұтып қойған. Компьютерлік томография кезінде тыныс жолынан жаңғақ анықталып, дәрігерлер оны сәтті алып шықты.

Сондай-ақ аталған аурухана дәрігерлері бес жасар баланың асқазанынан 50 теңгелік монетаны алып шықты. Баланың ата-анасы тиын үш күн бұрын жұтылғанын айтып, оның табиғи жолмен шығуына үміттенген. Алайда рентген тексеруі монетаның асқазанда тұрғанын көрсеткен соң, дәрігерлер шұғыл эндоскопиялық жолмен алып тастады.

Эндоскопист Роллан Елеусіновтің айтуынша, соңғы уақытта бронхқа бөгде зат түсу жағдайлары жиілеген. Дәрігерлер ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және тыныс алудың қиындауы байқалған сәтте дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

Наверх