Дәрігерлер науқастың мұндай әрекетін ішімдік ішу салдарынан болуы мүмкін деп санайды. Оқиға бүгін, таңғы сағат 7-де болды. Ақтау қаласындағы облыстық аурухананың екінші қабатынан құлаған науқастың жамбасы сынды. Ер адам травматология бөлімшесінің есігін сындырып, төмен қарай секірген, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Емделушінің шынтағына операция жасату үшін жатқызылған екен.
1969 жылы туған науқас 6 наурызда шынтақ буынының шығуымен келді. Шұғыл түрде анестезиямен дислокацияны түзету жүргізілді. Шынтақтың бүйірлік байламдарының жыртылуын ескере отырып, науқасқа ісік басылғаннан кейін операция жасау жоспарланған. Науқас алкогольдік ішімдіктен бас тартпаған, – дейді дәрігерлер.
Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Ол реанимация бөлімінде жатыр. Құлаған кезде ер адам оң жақ жамбасын сындырған. Осы дереу бойынша тергеу жұмыстары басталды.