Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонында сарбаздың жарақат алуына байланысты түсініктеме берді.
24 ақпанда Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Т. әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақат алған.
Қазіргі уақытта сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалап отыр. Ақтау гарнизонының Әскери полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде. Әскери қызметші 2021 жылдың күзінде Ақтөбе қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын, – делінген хабарламада.