Ақтауда алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды

23 Шілде 2024, 11:35
458
Бөлісу:
Ақтауда алимент төлемеген борышкер түрмеге қамалды
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша  берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды, - деп мәлімдеді Ақтау қаласының прокуратурасы.

Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы