Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам қайтарымсыз грант ұтып алды

Бүгiн, 03:35
119
Бөлісу:
Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам қайтарымсыз грант ұтып алды

Биыл Ақтауда әлеуметтік осал топтағы 50 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржы жалғызілікті және көпбалалы аналарға, мүгедек бала өсіріп отырғандар, атаулы көмек алатындар мен қандастарға берілді. Грант иелері тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында шағын өндіріс ашып, жаңа жұмыс орнын ұсынып жатыр.

Осындай Үкіметтің беріп жатқан қайтарымсыз грантына қатысып, қолдарыңыздан не келсе, соны әрі қарай дамытуға көмектеседі. Мамандар өз бетімен табыс табуға ниетті әлеуметтік осал топтағы адамдарды бағыттауға әзір. Қайтарымсыз грант түріндегі 1,5 млн теңгені алуға үміткер «Еңбек.kz» сайтына тіркелуі шарт. Сол жерде «Бастау-бизнес» бағдарламасын онлайн оқып, кәсіп ашу тетіктерін меңгереді. Содан кейін өз жобасын комиссия алдында таныстырады.

Ол адамның өзінің қорғауына байланысты. Қандай кәсіп ашады, өзі түсініп тұрса, ол кәсіпті қалай ашу керектігін, соны ақтап, көрсетіп, баяндағанына байланысты болады. Және біздің Ақтау қалалық «Мансап» орталығының мамандарына келсе, мамандар көрсетіп үйретеді. Осы бағдарламаға кіресіз, осылай жазасыз, қате жері болса, грантқа қатыспай тұрып бәрін түсіндіріп, көрсетіп айтады, - дейді «Мансап» орталығы филиалының директоры Ботагөз Қарамұрзаева.

Грант ұтқандар әр тоқсан сайын есеп беруге міндетті. Сондай-ақ олардың жұмыс орнына орталық қызметкерлері барып, бақылау жүргізіп тұрады. Кәсібін дамытқысы келетіндерге әкімдік, кәсіпкерлер палатасы арқылы 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаражат алу жолдарын көрсетеді. Айта кетсек, Ақтауда былтыр да әлеуметтік санаттағы 50 адам мемлекет қолдауына ие болды.

Өзгелердің жаңалығы