Ақтауда «4К» диагностика мен даму әдістемелері туралы тренинг өтті

22 Қазан 2022, 15:03
1334
Бөлісу:
Ақтауда «4К» диагностика мен даму әдістемелері туралы тренинг өтті

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының «Дарын» орталығының 10 қызметкері, 120-ға жуық мектеп психологының қатысуымен «Мектеп жасындағы балаларда «4К» диагностика мен дамуды жүргізу әдістемесі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семинар-тренингті Елбасы Академиясының «4К» авторлық әдістемелерін әзірлеушілер жүргізді.

Іс-шара бағдарламасы мектеп жасындағы балалардың «4К» диагностикасы мен қабілеттерін дамыту:  сыни ойлау, шығармашылық, коммуникация және ынтымақтастық бойынша әлеуметтік-психологиялық білім, дағдылар мен әдістемелер жүйесінен тұрады. Оқыту бағдарламасы 16 сағаттық теория мен іс жүзіндегі аспаптық ақпараттан тұратын 2 модульден тұрады.

Әрбір ата-ана баланың қай салада қабілеті бар екенін, осы бағытта қалай жұмыс істеу керек екенін білу үшін qabilet.elbasyacademy.kz платформасында «4К» критерийлері бойынша баласының тест тапсыру нәтижесін қадағалай алады. Егер сіз даму динамикасын үнемі қадағалап отырсаңыз, нұсқаулық берсеңіз, баланың қызығушылығын анықтай аласыз. Егер баланы әрі қарай сүйемелдейтін болсақ, болашақта одан білікті маман шығатынына сенімдіміз, - деді Балалар мен жастарды диагностикалау және дамыту орталығының директоры Гүлім Жүсіпова.

Оқу іс-шарасы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мектеп жасындағы балалардың қабілеттерін дамытудың құрылымы, факторлары мен ерекшеліктері туралы ақпарат пен жаңа білім қолжетімді болады, бұл баланың білім беру процесінде өте маңызды. Сондай-ақ, тыңдаушылар психологиялық диагностика жүргізудің әдіснамасы мен ХХІ ғасырдың "4К" дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары мен мектеп жасындағы балалардағы сыни ойлау, шығармашылық, коммуникация, ынтымақтастық әдістерін меңгереді.

Маңғыстау облысы «Дарын» орталығының директоры Несібелі Қуатованың айтуынша, психолог баланың жанын түсінбесе, оны жігерлендіре алмайды. Семинарда психологтар өз білімдерін жетілдіріп, балалардың дамуына және олардың алға жылжуына көмектеседі.

Іс-шараны Елбасы Академиясы Маңғыстау облысының білім басқармасымен және «Дарын» орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы