Ақтаудағы балалар ауруханасында дәрігерлер 11 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды. Баланың өкпесінен металл зат пен шемішкенің қабығын алып шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Проктолог-эндоскопист Айгерім Бекмұханбетованың айтуынша, сәби қабылдау бөліміне жөтелге шағымданып, «бронхиалды астма» деген алдын ала диагнозбен түскен. Шамамен төрт ай бойы бала осы диагнозбен дәрігерлердің бақылауында болған. Алайда бір сәтте жағдайы күрт нашарлап, айқын ентігу пайда болған.
Ауруханаға жатқызылғаннан кейін сәбиге рентген жасалып, өкпесінде бөгде зат бары анықталған. Бронхоскопия кезінде эндоскопистер тағы бір затты – шемішкенің қабығын тапқан. Дәрігердің айтуынша, металл зат ұзақ уақыт бойы астманың белгілерін «жасырып», соның салдарынан бала қате емделген.
Бөгде заттар алынғаннан кейін баланың жөтелі толықтай басылған.
Рентгенде көрінетін бұл заттар ұзақ уақыт бойы бронхиалды астманың белгілері ретінде қабылданып келген. Сөйтіп, сәби бірнеше ай бойы өкпесінде темірмен жүрген болып шықты. Егер бала тұншығып қалмаса және өкпесіне шемішкенің қабығы түспесе, ол осы затпен әрі қарай да өмір сүре берер еді, ал дәрігерлер оны бронхиалды астмадан емдеуді жалғастыра берер еді, – дейді дәрігер.